01 желтоқсан 2016 13:53

Сәтпаев қаласында пәтерден қыз бен жігіттің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 қарашада Сәтпаев қаласында қайғылы оқиға болды. Бесқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, 21 жастағы қыз бен 16 жастағы жігіт қайтыс болды. Қайтыс болған екеуі де бірінші топтағы мүгедек жандар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облысының ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магомадов айтып берді. 

Өрт Абай көшесінің 44-ші үйінде шыққан. Өрт сөндірушілер келген уақытта, пәтердің балконы ашық түрде өртеніп жатқан, терезеден қара түтін шығып жатты. Өрт сөндірушілер пәтердің ішіне кірген уақытта екі мәйіт тапқан. 

Қайтыс болған қыздың анасы екі баланың да сал (ДЦП) ауруымен ауыратынын айтып, олар өздігінен шыға алмайтын, қозғалуы қиынын екенін айтты. Әйелдің айтуынша, олар ұзартқыш тоқ арқылы телевизор көріп отырған. Бір кезде түтіннің иісі шыға бастады. Ол балаларын алып шықпақ болған, алайда оны электрлік тоқ соққан. Осыдан кейін әйел адам сыртқа шығып, көмек сұрай бастаған, адамдар өрт сөндіру қызметін шақырған. 

"Әзірге негізгі нұсқа - ұзартқыш тоқтың изоляторынан өрт шыққан. Әрине, басқа да нұсқаларды қарастырамыз, қазіргі уақытта тергеу шаралараы жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети