20 маусым 2018 17:47

Сайран көлінен денесі табылған жігіттің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының видеосынан алынған кадр КТК телеарнасының видеосынан алынған кадр

Алматыда Сайран көлінен денесі табылған жігіттің кім екені анықталды. Ол заңгер Нұрлан Тұрлықожа болып шықты. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК-ның Республикалық жедел-құтқару жасағының өкілдері мәлімдеді. 

"29 жастағы Нұрлан Тұрлықожаның денесі Сайранның шығыс жағалауына жақын жерден табылды. Іздеу жұмыстарына РЖҚЖ сүңгуірлері мен құтқару қызметі қатысты", - дейді ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ-ның баспасөз қызметінің өкілдері.  

Мұның алдында Нұрлан Тұрлықожа Сайран көлінің маңында достарымен кездескеннен кейін екі күн із-түссіз кеткені хабарланған. Марқұмның анасы Биғайша Маралбаеваның сөзінше, адамдар Нұрланды көл маңынан көрген. Куәгерлер оның көмекке шақырғанын естіген. 

Мұның алдында, 20 маусымда Сайран көлінен 29 жастағы жігіттің денесі табылғаны хабарланған еді. Бұл дерек бойынша сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша өлім себебі мен оқиғаның жағдайы анықталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети