23 маусым 2015 18:52

Щучинскте арқанмен төмен түспекші болған екі мас қыз бесінші қабаттан құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alp.org.ua © alp.org.ua

Щучинскте арқанмен төмен түспекші болған екі мас қыз бесінші қабаттан құлады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бурабай аудандық төтенше оқиға бөліміндегілер хабарлады.


Щучинскте арқанмен төмен түспекші болған екі мас қыз бесінші қабаттан құлады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бурабай аудандық төтенше оқиға бөліміндегілер хабарлады.

Оқиға 23 маусымға қараған түні болды. Құтқарушылардың мәліметінше, қыздардың бірі 1985, екіншісі 1994 жылғы, олар жалдамалы пәтерлерінің терезесі арқылы төмен түспекші болған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар пәтердің кілтін жоғалтып алған. Екеуі төмен түсеміз деп құлап, дүкеннің шатырына түсті. Бұл оларды қатты құлаудан құтқарып қалғанымен, екеуі де жарақат алды.

Құтқарушылар зардап шеккен екі қызды шатырдан түсіріп, дәрігерлердің қолына тапсырды. Ауруханада олардың бірінің омыртқасының сынғаны анықталды, ал екіншісінің төс қуысы жарақаттанып, аяғы сынған, бірақ ол медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Оқиғаны тергеумен жергілікті аудандық ішкі істер бөлімі айналысып жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети