13 шілде 2017 17:07

Сегіз жастағы Игорь Коцкийдің неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сегіз жастағы Игорь Коцкидің неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alau.kz сайты. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.


Сегіз жастағы Игорь Коцкидің неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alau.kz сайты. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Қостанай қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Оспановтың айтуынша, Игорь Коцкий суға батып бара жатқан сыныптасын құтқарамын деп қайтыс болған. 

"Куәгерлер бар, балалар өте кішкентай, олар суға шомылып жүрген. Сыныптас қызының айтуынша, олар шынымен де суға батып бара жатқан. Игорь Коцкий бұталарға ілініп қалған қызды шығарып жіберген, ал өзі суға кеткен", - деді Мұрат Оспанов. 

Тергеу барысында қызды ересек адам судан алып шыққаны белгілі болды. Мен қыздың әжесімен, қызбен сөйлестім, ол Игорьдің сыныптасы, жасы сегізде. Ол бізге айтпаған, қорыққан болар. Бұл туралы 6 шілдеде әжесінің үйіне полиция келген кезде ғана айтқан. Сол кезде қыз бала болған жағдайды толығымен айтып берген. Қазірдің өзінде де қыз бала болған жәйтті тура осылай айтып берді", - деді прокурор. 

"Оның мүрдесі шомылған жерден 10 шақырым жерден табылды. Онда ағыс күшті, сол себепті де оны біраз жерге алып кеткен. Бұрындары осы жерден сүңгуірлер Игорьдің жеке заттарын тапқан болатын. Бала суға кеткен, зорлық белгілері жоқ екені анықталды", - деді Мұрат Оспанов. 

Еске салайық, Қостанайда жоғалған сегіз жастағы Игорь Коцкий өлі табылған болатын. Полициядағылардың айтуынша, баланың мәйітін құтқарушылар 11 шілдеде сағат 17.00-де Тобыл өзенінің жағасында Корей көпірінің маңында тапқан. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Облыстық прокуратурадағылар баланың мәйіті табылғанын растап отыр, олардың болжамына қарағанда, Игорь Коцкий суға батып кеткен. 

"10 маусымда суда іздестіру шараларын жүргізген еріктілер тобы облыс прокурорына Facebook арқылы үндеу жасап, шлюзді жабуды сұрады, себебі судың жылдамдығы зор болып, іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Прокуратура бұл істі тындырғаннан кейін еріктілер жұмысқа кірісті, баланың мәйіті табылды", - деп хабарлаған еді прокуратура өкілдері. 

Бала 4 шілдеде жоғалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети