13 желтоқсан 2014 12:44

Семейде 30 үйді су басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 30 үйді су басып қалды. Сурет - ШҚО ТЖЖҚ Семейде 30 үйді су басып қалды. Сурет - ШҚО ТЖЖҚ

Семейде Ертіс өзенінің Семипалатинка тармағында пайда болған бөгелістен су жағаға қарай тасып, Восточный поселкасындағы бірнеше үйдің ауласын басып қалған деп хабарлайды ШҚО ТЖЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде Ертіс өзенінің Семипалатинка тармағында пайда болған бөгелістен су жағаға қарай тасып, Восточный поселкасындағы бірнеше үйдің ауласын басып қалған деп хабарлайды ШҚО ТЖЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Су бөгелісі (зажор) - өзен ағысы жолында бұзылған мұз бен сеңнің көптеп жиналып қалуы, осылайша ағын жолы жіңішкеріп, қатты жылдамдықпен келген су жан-жаққа таси бастайды.

"30 тұрғын үй кешенінің ауласын, подъезін су алып кеткендіктен ШҚО ТЖЖҚ өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 48 адамды ол арадан алып шықты, оның ішінде алтауы балалар. Сондай-ақ сегіз бас ірі-қара, 15 ұсақ мал, төрт көлік апат орнынан эвакуацияланды. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Оларды қабылдап, тамақтандыру үшін  "Семей" мейманханасынан 50 орын, "Строитель профилактоириясынан" 50 орын дайындалды. Қаза боп, зардап шеккендер жоқ" деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

"Семей қаласының ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғау үшін постқа қызметкерлер шығарылды. Адамдарды көшіруге 23 техника, 198 қызметкер жұмылдырылды. Семей қаласының гарнизоны мен жалпы ШҚО ТЖЖҚ күшейтілген режим қызметінде жұмыс істеп жатыр. Дағдарыс орталықтары ашылып, бақылау штабтары құрылды. Судың деңгейін бақылау үшін ШҚО ТЖЖҚ-дан 18 адам мен екі техника шығарылып, 13 пост құрылса, ал Семей ІІБ тарапынан 28 адам, алты техника жұмылдырылды. Қазір су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети