11 маусым 2015 17:38

Семейде белгісіз біреулер автомобильді жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nv.ua © Nv.ua

Семейде белгісіз біреулер автомобильді жарып жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ.


Семейде белгісіз біреулер автомобильді жарып жіберді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарлауынша, Hyundai маркалы автомобиль Семейдің ықшамаудандарының бірінде жарылған. Жарылыстың соңы өртке ұласқан жоқ, сондықтан да оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер шақырылмады. Полицейлер тергеу амалдарын бастап кетті. Алдын ала болжам бойынша, автомобильді жаруға шахтер снаряды немесе түтіндету құтысы пайдаланылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында автомобильден өрт шығып, соңы жарылысқа ұласқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автомобильде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Нәтижесәнде өрт пайда болып, газ баллоны жарылды. Ақтау қаласының тұрғыны, 30 жастағы жүргізуші жарақаттанған жоқ. Жалынды өрт сөндірушілер келіп ауыздықтады. Полицейлердің айтуынша, жарылыс болған кезде автомобильдің маңынан өтіп бара жатқан Kia Sportage аялдамаға барып соқты. Жүргізуші жарылыстан қорқып кетсе керек, дегенмен ол дін аман. Болған оқиғаның жәй-жапсары анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети