02 маусым 2017 13:47

Семейде бұзылған аттракционда қалып қойған балалар құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде бұзылған шолу дөңгелегінде қалып қойған балалар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Семейде бұзылған шолу дөңгелегінде қалып қойған балалар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 1 маусымда күндіз болған. Шолу дөңгелегі тоқтап қалған. Балаларды құтқаруға балалар саябағының қызметкерлері мен куәгерлер жұмылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Осы оқиғадан кейін куәгерлер шолу дөңгелегінің бірде тым қатты айналғанын, бірде теңселіп тұрғанын айтты. 


Facebook желісіндегі "Семей - Семипалатинск online" тобында жарияланған видео. 

Кейін осы оқиғаға қатысты саябақ әкімшілігі түсінік берді. "Кеше қысым құбылмалы болды. Сондықтан аттракцион тоқтатылды. Кейінгі шаралар нұсқаулық бойынша жүзеге асырылды. Дөңгелек тез айналған жоқ. Балаларды түсіріп жатқанда айналу жылдамдығы өзгерді. Шолу дөңгелегі әзірше жұмыс істемейді", - деп хабарлады саябақ басшылығы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети