21 қыркүйек 2015 14:56

Семейде қасық жұтып, аяғын еденге шегелегендерді колония әкімшілігі сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mioby.ru © mioby.ru

Семейде ОВ-156/15 колониясының әкімшілігі жазасын өтеп жатқандарды сотқа берді, - деп хабарлайды YK-news.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семейде ОВ-156/15 колониясының әкімшілігі жазасын өтеп жатқандарды сотқа берді, - деп хабарлайды YK-news.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, әкімшіліктегілер жазасын өтеп жатқан үш адамнан емдеу шараларына төленген ақшаны өндіріп алған. Олар көктемде және жазда наразылық шарасын ұйымдастырып, өздеріне дене жарақаттарын салған.

"Биыл сәуірде 29 жастағы жазасын өтеуші балға мен шегені алып, аяғын еденге шегелеп тастады. Ол өзінің бұл қылығымен асырау тәртібіне қарсылығын және колониядағы медициналық қызмет сапасына көңілі толмайтынын жеткізгісі келген. Мамырдың басында 29 жастағы тағы бір жазасын өтеуші денесіне мынадай жазуларды тіліп жазды: "өліміме кінәлауды сұраймын... (әрі қарай колония қызметкерлерінің аты-жөні тізілген)", - делінген жарияланымда. 

Сонымен қатар, маусым айының басында 21 жастағы жазасын өтеуші мүгедектіктің берілмей қойғанына наразы болып, қасықты жұтып қойыпты. Бұлардың үшеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Колония өкілдері олардың емдеуіне кеткен қаржыны өндіріп алу үшін азаматтық сотқа арызданды. Соңында Семейдің қалалық соты бұл талап арызды қанағаттандырды. Жазасын өтеп жатқандар мемлекеттік баж салығын есептемегенде жалпы сомасы 25 мың теңгені төлеуге міндеттелді. Сот шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети