25 тамыз 2017 15:40

Семейде куәгерлер жүкті әйелді қағып кеткен жүргізушіге тап берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Семейде куәгерлер жаяу жүргінші жолында жүкті әйелді қағып кеткен жүргізушіге тап берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Семейде куәгерлер жаяу жүргінші жолында жүкті әйелді қағып кеткен жүргізушіге тап берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 24 тамызда адамдар көптеп жүретін Қабанбай көшесінің бойында болған. Жүкті әйел жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан. Оны өткізу үшін көліктердің бірі тоқтайды, ал келесі жолақпен келе жатқан көлік жылдамдығын азайтпастан әйелді қағып кеткен. 

Бұл жағдайға куә болғандар ашуын ұстай алмаған. "1984 жылы туған жургізуші тоқтап, әйелдің қасына бармақ болған. Осы кезде оған куәгерлер тап берген. Ол шошығаннан қаша жөнелді де, кейін келді. Бұл дерекке қатысты бірден әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды", - делінген полицияның хабарламасында. 

Әйел адам ауыр жарақаттар алды - мидың шайқалуы мен бел омыртқасының жарақаты. Әйелді жедел жәрдем алып кетті. Оның жүктілігіне 19-20 апта болғаны анықталды. Қазір ол ауруханада жатыр және полицияға әлі арыз түсірмеген. Дегенмен бұл жағдай сотта қаралатын болды. 

Видео YouTube видеохостингінде жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети