27 қараша 2014 10:59

Семейде Мәңгілік алау тағы да өшіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©24.kz/Руслан Шақабаев ©24.kz/Руслан Шақабаев

Семейдің Жеңіс саябағында Мәңгілік алау тағы да өшіп қалды, - деп хабарлайды 24.kz.


Семейдің Жеңіс саябағында Мәңгілік алау тағы да өшіп қалды, - деп хабарлайды 24.kz.

Бесжұлдыздағы жалын газ болмағаннан кейін өшіп қалған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының хабарлауынша, бұл мәселенің туындауына бюджет қаражаты тапшылығы себеп. Келісімшарт бойынша қаржыландыру аяқталды, мердігер мемориалға қызмет көрсетуді тоқтатты. "Қазір бізге газды қарызға беруі үшін кепілдікті хат жазып жатырмыз", - деді мамандар. Коммуналдық қызмет өкілдері мәселе таяу күндері шешіліп, Мәңгілік алау қайта тұтанады деп отыр.

Еске сала кетейік, Семейде Мәңгілік алауға газдың берілмей қалуы бірінші рет болып отырған жоқ. 2012 жылы да Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау өшіп қалған еді, бұған ортасында газ оттығы бар тастан жасалған бесжұлдыздың зақымдануы себеп болды. Ол кезде мамандар Мәңгілік алаудың вандалдардың әрекетінен зардап шегетінін айтқан еді. "Оттықты осы жерде жылынып жүретін бомждар сындырған болуы мүмкін", - деген болатын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы Райгүл Смағұлова. Семейдегі Мәңгілік алау 2012 жылдың қаңтарында да жанбай қалды. Ол кезде газ жеткізушіні анықтайтын тендердің дер кезінде өткізілмеуі мен қаржыландырудың кешігуі себеп болған еді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети