03 қараша 2016 19:45

Семейде мас полицей жаяу жүргінші жолында қарт адамды қағып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жолдан өтіп бара жатқан ер адамды мас полицей қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ЖКО екінші қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.


Семейде жолдан өтіп бара жатқан ер адамды мас полицей қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ЖКО екінші қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.

Туыстарының сөзіне қарағанда 60 жастағы қария Қаржаубайұлы көшесін жаяу жүргінші жолымен кесіп өтіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, көліктердің екі қатары адамды өткізу үшін тоқтаған, ал бір көлік үлкен жылдамдықпен өтіп бара жатып ер адамды қағып, 80 метр жерге дейін апарған. Қария оқиға орнында көз жұмды. ІІБ мәліметінше, Lexus маркалы көлік осыған дейін жол патрулдік қызметінде істеген жергілікті учаскелік полицейге тиесілі. Туыстарының айтуынша, полицей оқиға орнынан кетіп қалып, көлігін ТЖО аумағында жасырып, жаяу қайтып келген. ІІБ өкілдері ақпаратты растады.

23 жастағы көлік иесі шенін көтеруді тойлап, мас күйде рөлге отырған. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазір көлік иесі уақытша қамау абақтысында. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети