20 ақпан 2018 17:10

Семейде жолаушылар автобусы аударылған сәттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясына Семейде автобустың аударылған сәтінде түсірілген видео келіп түсті. Оқиғаның видеосын жедел әрекет ету орталығы тапсырды.


Tengrinews.kz редакциясына Семейде автобустың аударылған сәтінде түсірілген видео келіп түсті. Оқиғаның видеосын жедел әрекет ету орталығы тапсырды.

Жол апаты болған жерде бейнебақылау камерасы орнатылған. Видеода жол-көлік оқиғасының жүргізушінің кінәсінен болғаны анық көрінеді, ол бағдаршамның сары түсіне өтіп, қауіпсіз жылдамдықпен жүрмеген. Соның салдарынан автобус оңға бұрылған сәтте тайып, жолдан шығып кетіп, аударылған. 

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша жауапкершілікке тартылған. Осы бап бойынша оған он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Осыған дейін Семей қаласының әкімі Ермак Салимов баспасөз конференциясында жол апаты болған жерде инерт қоспасы себілгенін айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети