07 қыркүйек 2017 15:55

Семейлік тұрғын қан жоса күйде өзі оқыған мектепке жүгіріп кірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде ер адам өз тамырын кесіп, мектепке баса көктеп кіріп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде ер адам өз тамырын кесіп, мектепке баса көктеп кіріп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін күндізгі уақытта 343-ші кварталда болды. Ер адам № 9 мектепке қолдары қансырап кіріп келген. Куәгерлердің айтуынша, ол мектеп ішінде арлы-берлі жүгіріп, бір оқушыны тұншықтырған. Білім бөліміндегілердің айтуынша, ер адам бұрындары осы мектепте оқыған. 

 
Куәгер жолдаған сурет.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметі бойынша, ер адам жұмысшылардан қашып, мектепке әдейі барған. "Жұмысшылар ер адамның қасынан өтіп бара жатқан баланың қолынан кілттерді ұрлап қашқанын көрген. Олар ұрының артынан жүгірген. Жұмысшылардан қашқан ер адам № 9 мектепке кіріп кеткен. Мектеп қабырғасында ол өз қолын кеспеген, оның қолы сол кездің өзінде қанап жатқан. Бірақ ол ешкімге шабуыл жасамаған. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстады", - деді Семей ІІБ өкілдері. 

 
Куәгер сурет

1993 жылғы жігіт - осы мектептің түлегі. Полицейлердің айтуынша, ол психикалық неврологиялық диспансерде тіркеуге алынған. Ұсталғаннан кейін ол осы клиникаға қайта жеткізілген. Осы дерек "Ұрлық" бабы бойынша бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети