Шаханда үйінділер астында қаза тапқандардың туыстары үйдің құлауы жайлы толығымен айтып берді

02 Қаңтар 2017, 12:37
0
Шаханда үйінділер астында қаза тапқандардың туыстары үйдің құлауы жайлы толығымен айтып берді - © Суреттерді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады
© Суреттерді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады

Төтенше жағдайдан қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, Шахтинск қаласындағы үйдің опырылуы кенеттен болған, тұрғындар әрекет етіп үлгермеген. Оқиға орнында үйінділерді жинау әрі іздеу-құтқару шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шахан ауылының тұрғыны Алексей Алексеенко үйдің бір бөлігі құлаған уақытта үйінде болмаған. Ол оқиға болардың алдында бірнеше сағат бұрын көрші ауылға туыстарын құттықтауға шығып кеткен. Оның пәтері үйдің бесінші қабатында орналасқан. Үйде анасы, ағасы әйелімен және олардың алты айлық баласы қалған. Алексейдің ағасы Владимир вахтада болған.

"Маған белгісіз нөмірден хабарласып "сенің кіреберісің жарылды!" деп хабарлады. Мен бұл кезде Қаражарда болатынмын. 31 желтоқсанда барлығымыз Жаңа жылды қарсы алдық! Жақсы отырдық, кеше мен өзімнің Қаражардағы жақындарымды құттықтайын деп кетіп қалдым. Міне мынадай жағдай болды. Анам осы кезде үшінші қабаттағы көршімізде болыпты. Сосын біздікіне жоғары қарай көтеріліпті. Ол біздің пәтерге кіре бергенде опырылған. Бірақ оны құтқарып қалған. Ол үйінділердің ең жоғарғы жағында болған. Мұның бәрін маған өзі айтып берді. Ал келінімізді мен кейінірек тануға бардым", - деді Алексей.

Оқиға орнында үйінділерді жинау әрі іздеу-құтқару шаралары жүріп жатыр. Сол жерлер қоршауға алынған. ТЖД мәліметінше үйде 118 адам тұрып жатқан. Ал, үйдің құлаған бөлігінде 25 адам тұрған екен. 

"Менің ойымша, бүгін үйінділерді тазартып, адамдарды іздеуге кірісеміз. Жұмысты толығымен бітірмей кетпейміз. Алдын ала болжам бойынша үйінділер астында тағы бір адам бар, бірақ біз қонаққа келуі мүмкін адамдарды да ескеруіміз керек. Сондықтан нақты ештеңе айтуға болмайды", - деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Вадим Магамадов. 

Облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпуновтың айтуынша, Шахан ауылын бұрын бір қазандық жылытатын. Сосын қазандық тұрып қалды, оны жауып тастады. Осыдан кейін адамдар өздері жылытатын болған. Құлаған үйдің автономды қазандығы жертөлесінде орналасқан болатын. Осылайша Шахан ауылында 19 үй осылай жылытылады. Ал, басқа үйлерде тұрғындар пеш орнатқан. 

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай