30 мамыр 2015 13:41

Шахтинск аттракционында 2 жасар қыз қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Новый вестник" © "Новый вестник"

Шахтинскте 2 жасар қыз аттракционда қаза тапты, - деп хабарлайды "Новый вестник".


Шахтинскте 2 жасар қыз аттракционда қаза тапты, - деп хабарлайды "Новый вестник".

Оқиға Шахтинск Орталық саябағында болған. Қала прокуратурасының хабарлауынша, екі жастағы Варвара Переседова әжесімен бірге қыдырып жүрген. Қыз аққу бейнесіндегі әткеншекке қызыққан. "Қыз әжесінен қашып әткеншекке қарай жүгіре жөнелді. Бақылаушы оны ұстап алмақ болды, дегенмен ол қоршаудан өтіп кетіп қозғалып тұрған әткеншекке барып соғылды", - деді Шахтинск қаласы прокурорының көмекшісі Ерлан Зайыр. Қыз бірнеше жарақат алып, соның салдарынан көз жұмды. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздік шараларының сақталуы тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Алматыда Горький атындағы Орталық саябақта осыған ұқсас жағдай болған еді. ТЖМ хабарлауынша, 15 шілдеде бес жастағы қыз абайсызда әткеншекке құлап кеткен. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети