29 тамыз 2018 18:10

Шахтинск орталығында бәйгеге шапқандарды көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Шахтинск қаласының орталық көшелерінің бірінде бәйгеге шапқандарды Nissan Patrol жол талғамайиын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шахтинск қаласының орталық көшелерінің бірінде бәйгеге шапқандарды Nissan Patrol жол талғамайиын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ерекше жол-көлік оқиғасы 26 тамызда шамамен 23:00-де Абай даңғылының бойында шахтерлар күнін тойлау мерекесінен кейін болған. 

Алаңда концерттер мен халықтық қыдыру шарасы болғандықтан, қала орталығығын уақытша жапқан, Отшашулар болғаннан кейін, жол қозғалысы қайтадан ашылған. Мереке аяқталып, қалалықтар қайта бастаған, сол себепті даңғыл бойында адамдар көп болған. 

Басында даңғыл бойынша аттылар тобы шықты. Олар жолдың қарсы бағытымен ызғыта шауып, жол белгілеріне мән бермеген. Екі атты алға озып, шауып келе жатып Nissan Patrol автокөлігіне соқтығысты. 

Кқш бастап келе жатқан шабандоз соқтығысқанына қарамастан, ары қарай шауып кете берді. "Қалалық бәйгеге" қатысқан екінші атты, соққы салдарынан құлап, бәйгені жалғастырмақшы боғлан. Алайда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі, шабандозды ұстап үлгерді. 

 

Скачки на Максе

Публикация от ШАХТИНСК. СКАНДАЛ.ШХТ (@skandal_sht)

Видеода басқа аттылардың достарына не болғанын сұрамастан, даңғыл бойымен ары қарай шаба жөнелгені түсірілген. 

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы ("Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети