Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Шартты мерзімге сотталған мас ер адам өзін өртемек болды

25 Ақпан 2016, 18:27
0
© drive2.ru
© drive2.ru

Қарағанды облысында шартты мерзімге сотталған мас ер адам облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимаратының алдында өзін өртемек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап.

103 пультіне хабар Астана уақыты бойынша 11.35-те түскен. Жедел жәрдем бригдасын оқиға орнына барып, өзін өртемек болған ер адамды табады. Оқиға орнында қызметкерлер де болған. Ұзаққа созылмаған әңгімелесуден кейін оны райынан қайтару мүмкін болған. Дәрігерлер оны ғимаратқа кіргізіп қараған кезде оның мас екенін анықтаған. 

"Жедел жәрдем бригадасы Поспело 17 мекен-жайы бойынша барды. Өрт болған жоқ. Ер адамның райынан қайтарды. Қанында алкоголь табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам есепте тұр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай