1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шарында селден 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті 29 мамыр 2021, 16:41

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© ТЖМ © ТЖМ

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"29 мамырда сағат 13.35-те Алматы облысы ТЖД-ға Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде балшық-сел жүргені туралы хабарлама келіп түсті, салдарынан 6 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, бір адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, жоғалып кеткен адамдарға іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Балшық-сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Қысқа мерзімді нөсер жаңбыр болғаны хабарланды. Шамамен 15 минут бұршақ жауған. 

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-ның 31 қызметкері мен 8 техникасы, 4 жедел медициналық жәрдем көлігі мен оның 6 қызметкері, ЖАО және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram