08 ақпан 2017 13:02

Шәй ішкісі келген шымкенттік жансақтау бөліміне түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

vybrat.com vybrat.com

Шымкентте газ жарылысының салдарынан ер адамның денесі 32 пайызға күйіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ТЖД өкілдері хабарлады. 


Шымкентте газ жарылысының салдарынан ер адамның денесі 32 пайызға күйіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ТЖД өкілдері хабарлады. 

Бүгін таңғы уақытта көппәтерлі үйде газ жарылысы болып, пәтер иесі зардап шекті. "Алдын ала болжам бойынша, табиғи газдың жылыстауы себеп болған. Ер адам шәй қоймақшы болған, газдың жиналып тұруына байланысты жарылды, өртсіз болды", - дейді ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Денесін күйік шалған пәтер иесі ауруханаға жеткізілді. "Ер адамның арқасы мен беті күйіп қалған. Ол есін біледі, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сауығып кетеріне үміттенеміз", - дейді облыстық гипербарикалық оксигенация орталығының дәрігерлері.

Жарылыс салдарынан пәтер терезелері сынып, есігі жұлынған. Жарылыс толқынынан көрші пәтердің де терезелері сынған.

Еске салайық, 8 қаңтарда Шымкентте екі қабатты үй опырылған болатын. Газ құрылғылары дұрыс орнатылмағандықтан жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан 1988 жылы туған әйел қайтыс болды, ал үйінді астынан құтқарушылар 5 адамды, соның ішінде бір жасар сәбиді алып шыққан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети