Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шекара қызметі экс-басшысының ісі: Сотталушы мені өлтіруі мүмкін деп қауіптенген

03 Ақпан 2015, 13:48
6
©job-sbu.org
©job-sbu.org

Сотталушы Қайрат Балмағамбетов сотта ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтан қорқып келгенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Бүгін, 3 ақпан күні кезекті сот отырысында қорғау тарапы неліктен Балмағамбетовтің жауабы әр кезде әртүрлі болғанын сұрады. Мысалы, Жоламановпен бетпе-бет кездескенде ол артық ақша түрінде алынған 22 миллион 640 мың теңгенің үшке бөлінгенін айтты - 2 миллион 600 мың теңге, 7 миллион теңге және 16 миллион 40 мың теңге. "Ал 2 және 3 ақпан күндері соттағы жауабында сіз бірінші траншта 2 миллион 640 мың теңге, екінші траншта 13 миллион алғаныңызды айттыңыз, неге жауаптарыңыз әртүрлі?" - деп сұрады адвокаттар.

"Тергеуші жауап алған кезде басқа психологиялық күй болды, ал Жоламанов отырған кезде толқыған шығармын", - деп жауап берді сотталушы. 

Сол сияқты одан не себепті жауап алу барысында Жоламановқа ақша бермегенін және ақша алмағанын айтқанын сұрады. "Мен қобалжыдым. Бір уақыттарда Жоламановтың ұсталатынына күмән келтірдім. Басында мен өзімді Жоламановтың алдында міндетті ретінде сезіндім, кейін ауыр қылмысқа барғанымды түсіндім. Мен қатерді сезіндім, жұмыстан шығару немесе тәртіптік жазалау сияқты қатер емес, көзімді құрта ма деп қауіптендім", - деді сотталушы Балмағамбетов. 

"Яғни, сіз қаражатты алмадым деп қорыққаннан кейін айттыңыз ғой?" - деп нақтылады судья Ербол Ахметжанов. 

"Жоламанов бір кездері мен қомақты сома ала бастаған соң маған алдап жүр ме деп күдік келтірді. Бұл менің көңіліме тиді, себебі мен шындықты айттым, ал ол дәйектер келтірді, оған қарамағындағы адамдардың бірі мені қамтамасыз ету базасында алтынға белшесінен батып жүр деген сыбыс жеткізген. Мұнысын ол маған айтып жүрді, оған қоса, менің жұртқа өзімді оның туысы ретінде таныстыратынымды айтып, екеуіміз арада келеңсіз әңгіме өрбіттік, мен ешқашан олай істемеген едім", - деді Балмағамбетов. 

"Сіз Жоламанов тарапынан қауіп болуы мүмкін екендіктен солай жауап бердіңіз бе?" - деп тағы сұрады судья. "Менің оның әрекеттері маған, менің отбасыма зиянын тигізеді деп қауіптендім", - деп нақтылады Балмағамбетов. 

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталды. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр. 

Бұған дейін сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сотта ол генерал Жоламановпен 2011 жылдан бері таныс екенін, онымен Ақтөбе гарнизоны әскери полициясы бөлім басшысы міндетін атқарған кезде танысқанын айтты. Оның айтуынша, біршама уақыттан соң Жоламанов Балмағамбетовтің ҚР ҰҚК Шекара қызметіне ауысуына жәрдем берген.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай