03 шілде 2018 13:01

Шелек ауылындағы төтенше жағдай: Зардап шеккен дәрігер комадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан қайтыс болған дәрігердің жақын досы ер адам жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан қайтыс болған дәрігердің жақын досы ер адам жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер-реаниматолог Серікбек Нұрланбектің айтуынша, қайтыс болған ер адамның аты-жөні - Данияр Мергенбаев. Олар жақын дос болған. Данияр ауруханада травматолог болып жұмыс істеген. Жасы 34-те болған. Артында отбасы, екі қызы қалды. Айтуынша, жерлеу рәсімі ертең өтеді.

"Кеше мен жұмыста болмадым, бірақ сантехниктің аурухана ауласындағы құдыққа кіріп, оны тазаламақ болғанын естідім. Құдық өте терең - шамамен үш метр деп айтып жатыр. Біз, дәрігерлер, оның қауіпті газ екенін және одан уланып қалу мүмкін екенін білеміз. Бірақ дәрігердің міндеті - адамдардың өмірін құтқару. Мен де сол жақта болғанда оларды құтқаруға барар едім", - дейді Серікбек Нұрланбек.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдайдан зардап шеккен төртінші адам - дәрігер-хирург 30 жастағы Жандос Өтемісовтің жағдайын айтып берді.

"Ол ауруханаға түскенде комада болды. Бүгін таңғы сағат 7-де комадан шықты, қосылған аппарат алынды. Қазір өз бетінше демалып жатыр. Қысымы - 110/70. Ота жасатудың қажеті жоқ", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, Данияр Мергенбаев пен Жандос Өтемісов Орталық аудандық ауруханада 2012 жылдан бері жұмыс істеген. Серікбек Нұрланбек болса бұл мекемеде 2011 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкердің қайтыс болғаны жайлы хабарланған еді. Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети