25 қаңтар 2020 13:20

ШҚО-да 9 жастағы бала дүкенге шығып, жоғалып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да полицейлер мен еріктілер бір тәулік бойы 9 жастағы баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО-да полицейлер мен еріктілер бір тәулік бойы 9 жастағы баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қаңтарда шамамен таңғы сағат 9:00-де үйден шығып, қайтып оралмаған 9 жастағы Айдар Егізбаевты тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. 

Бала Бобровка ауылында жоғалып кеткен. Еріктілердің хабарлауынша, бала дүкенге шығып, қайта оралмаған.

Өңір полициясы жоғалған баланы іздеу бойынша барлық қажетті іс-шара жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жұмыс ШҚО Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сондай-ақ, іздеуге еріктілер де жұмылды.

Айдар Егізбаевтың белгілері: бойы 120 сантиметр, арық келген, шашы қысқа қоңыр түсті, көзі қоңыр. Үстіне сары спорттық киім және қара түсті шалбар, бас киім және бәтеңке киген.

ШҚО Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, "102" телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Volontery_Semey_LIDER.KZ (@volontery_semey_lider.kz)

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети