13 шілде 2017 19:33

ШҚО-да ашулы полицей жүргізушіге жұдырық ала жүгірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

YouTube желісінде Зырян қаласының полиция қызметінің қызметкері түсірілген видео жарияланды. Тәртіп сақшысы өзін видеоға түсірген адамға ашуланып, соққы жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан полицейдің көлік терезесінен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Полицей көлікті тыйым салынған жерге қойғаны үшін тоқтатқанға ұқсайды. Диалог кезінде тәртіп сақшысы тіс шұқығышын аузынан тастамайды. Сосын жүргізушінің видеоға түсіріп жатқанын байқаған ол көлік иесіне жұдырық ала жүгіреді. Осы кезде видео үзіледі.

© youtube/YKnews.Kz

ШҚО ІІД өкілдері бұл видеода шын мәнінде полиция қызметкері түсірілгенін растады. "Интернетте жарияланған видео зерттелді. ШҚО ІІД басшылығы қызметтік тексерісті бастады. Өзіндік қауіпсіздік қызметі қажетті шаралар жүргізеді. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға баға беріледі", - деді ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети