28 сәуір 2019 11:19

ШҚО-да көпірден секірген әйелді полицей құтқарып қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

ШҚО-да тәртіп сақшысы 60 жастағы әйел адамды Ертістен алып шықты, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 


ШҚО-да тәртіп сақшысы 60 жастағы әйел адамды Ертістен алып шықты, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Оқиға Семей қаласында болды. Көпірден суға секірген қала тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған деген болжам бар. Әйел адамның Ертістегі ескі автомобиль көпірінен секіріп кеткені туралы хабар полицияға түсе салысымен патрульдік полицейлерге бірден ақпарат таратылады.

Көпірге жақын маңда кіші лейтенант Аслан Бегәділов болған. 1996 жылғы азамат жағалауға жете бере, суға секіріп, ағынды жеңіп, әйелді жағаға алып шыққан. 1959 жылғы әйел қазір реанимацияда жатыр, денсаулығына төнген қауіп жоқ.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети