28 қыркүйек 2019 14:45

ШҚО-да құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖК мәліметінше, құтқарушылар бүгінгі күнге дейін 24 қыркүйекте басталған өртті сөндірген. 

"Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында құрғақ шөп әлі де өртеніп жатыр. 27 қыркүйекте жағдайды мониторингілеу мақсатында өрт орнын ұшақпен әуеден шарлап, оның нәтижелері бойынша өрттің таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде болып жатқаны анықталды. Аумағы шамамен - 2 мың гектар. Елді-мекендерге қауіп жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД, Ұлттық ұланның әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жалпы саны 242 адам және 29 бірлік техника жұмылдырылды. 12.35-те 3,5 мың гектар жерде өрт ауыздықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети