30 мамыр 2016 10:42

ШҚО-да шопан найзағай түсіп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында қойшыға найзағай түсіп, салдарынан ол қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бірнеше күн бойы облыста жауын-шашынды ауа райы сақталып тұр.

Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы оқиға Қараой қыстағындағы Кеңгірбай би ауылдық округінде болған. 65 жастағы ер адам найзағай жарқылының дауысы шыққан кезде кезде мал бағып жүріпті. Ол найзағайдың түсуінен ауыр жарақат алып, сол жерде қаза тапқан. Абай ауданында биыл сәуір айында найзағай кезінде жылқы өлген екен. Ал оның қасында болған ер адам тірі қалыпты.

ТЖД мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында найзағай маусымы сәуір айында басталып, қазанға дейін жалғасады. Құтқарушылар мал бағып жүргендерге найзағай соққан кезде аттан түсіп, жыраға немесе шұңқыр жерге отыруға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети