26 мамыр 2017 16:33

ШҚО-да тағы бір әйел жүргізуші кафе маңында жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk.kz © yk.kz

Өскеменде жүргізуші әйел адамдар отырған кафеге барып соғылған жол-көлік оқиғасынан кейін бір сағат өткенде дәл сол жерге жақын маңда тағы бір жол апатын жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына жүргізуші әйел кінәлі , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға екі көшенің қиылысында "Искандер" кафесінен бірнеше метр жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi жүргізушісі қиылысты бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Қарсы жолда Renault автомобилі "Искандер" кафесі жағынан келе жатқан. Logan дұрыс келе жатқан. Екі көлік соғысып, Renault аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасынан ешкім ауыр жарақат алған жоқ. Әйел жүргізушіге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды", - деді ШҚО ІІД өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Өскеменде жүргізуші әйел адамдар отырған кафеге барып соғылды. Оқиға болған кезде кафеде 30 шақты адам отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Куәгерлердің айтуынша, Nissan Qashqai маркалы көлігі кафенің терезесіне келіп ұрылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети