19 сәуір 2017 10:58

ШҚО-ның Бесқарағай ауылында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті © ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Бесқарағай ауылында (Бесқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Бесқарағай ауылында (Бесқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жерасты суының деңгейі бұрынғы қалыпта, сондықтан да жергілікті атқарушы орган адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдаған.

"14 сәуірде ауылдың шетінде, төменгі жерде 9 үй және 10 ауланы су басқан болатын. Су басу орнынан 22 адам көшірілді. 4 күнде жағдай өзгеріссіз. Аумаққа 1500 тонна инертті материал жеткізілді. Топырақты төгіп бекіту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар арасында нұсқаулықтар жүргізіліп, жадынамалар таратылды", - деді ТЖД өкілдері.


© Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Әкімдікте жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оған балық ТЖ және АҚ қызметтері кіреді. Жағдайды аудан әкімінің міндетін атқарушы Раметуллин бақылап жатыр. Облыс өзендері мен әлсіз учаскелерде бақылау жалғасып, ШҚО ТЖД жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети