19 желтоқсан 2019 17:24

ШҚО полицейлері ер адам қайтыс болған ЖКО куәгерлерін іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы тасжолда көптеген жарақат алған ер адамның денесі табылған. Полицейлер оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы тасжолда көптеген жарақат алған ер адамның денесі табылған. Полицейлер оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ПД мәліметінше, өткен демалыста Верхнеберезовский және Предгорное ауылдарының аралығындағы тасжолда көптеген жарақат алған ер адамның мәйті табылған. 

"Болжаммен, адамды көлік қағып кеткен. Ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оны қандай көлік қаққаны белгісіз, себебі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

Глубокое аудандық ауруханасының өкілдері науқастың 19 желтоқсанда 18:00-де ауыр халде жеткізілгенін айтты. Зардап шеккен адамды жансақтау бөліміне жатқызды, алайда дәрігерлердің әрекеті оң әсерін бермеді. Бүгін таңғы уақытта ол ес жимастан қайтыс болды. 

Полиция департаменті осы жол апатының куәгерлерін хабарласуды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети