25 қыркүйек 2015 19:11

Ішімдік ішкен қыздар елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Еркін Шəкірұлы © Еркін Шəкірұлы

Ішімдік ішкен қыздар елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішімдік ішкен қыздар елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы "Гармония" тұрғын үй кешенінде қыздардың алтыншы қабаттан секірмек болғаны туралы хабарлама алған ТЖД қызметкерлері тиісті жерге арнайы техникамен жетті. Фотолардан полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің келгенін де байқауға болады.

Астана ІІД хабарлауынша, бүгін, сағат 9.30-да куәгерлер екі қыздың суицидке барғалы тұрғандары туралы хабарлама берген. "Біздің қызметкерлер мұндай кезде дереу іске кіріседі", - деді баспасөз хатшысы Софья Колышбекова.

1988 және 1994 жылғы қыздардың балконда ішімдік ішкендері белгілі болды. Олар ішімдікті қоғамдық орындарда ішкен жоқ, сондықтан да заңға қайшы әрекет етпеген. "Қыздармен сөйлестік", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети