Алматыда 18 сәуір күні түнде Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда 18 сәуір күні түнде Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Екі жолаушы отырған Mazda Xedos жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен Mercedes жүк көлігіне барып соғысқан. Салдарынан фургон арық жаққа қарай ұшып кетіп, жеңіл көліктің тас-талқаны шыққан.
Mazda көлігінің алдыңғы орындығында отырған жолаушы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, жапон көлігінің жүргізушісі де зардап шеккен. Тағы бір жолаушы ауруханаға барудан бас тартты.
Кейінірек жастардың Бәйтерек ауылындағы (бұрынғы Новая Алексеевка) тойдан келе жатқаны белгілі болды. Жолаушылардың бірі олардың алдына кенеттен бір көліктің тоқтағанын және сол себепті оңға бұрылып, Mercedes көлігімен соғысып қалғанын айтты.
Сондай-ақ, жол апаты кезінде жүргізуші мен жолаушылардың бірінің мас екені белгілі болды. Үшінші жолаушы да мас болған делінеді.