27 қараша 2019 | 09:12

Шу қаласында өзінен он жас кіші қызды алып қашпақ болған жігіт қылмысқа барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт үш жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт үш жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Жамбылда сүйктісін күштеп қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынды. Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған. Алайда 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты. Бұған намыстанған ер азамат қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасаған.

Альбина есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Ашуланған азамат қолындағы пышақпен құлыпты бұзбақ болады. Сән салонындағы айқайға бойжеткеннің әріптестері араласып, қызба жігітті сабасына түсірмек болған.

Алайда ол дауға араша түскендердің біріне пышақпен жарақат салған. Ол ауруханаға жеткізілген, кейін жанжал шыққан жерге полицейлер келіп, 30 жастағы күдіктініні қамаған. Енді бақыт құсын қолына қондыра алмаған жігіт кемі үш жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

"Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Нәтижесінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети