15 қараша 2018 16:55

Шұңқырға түсіп, жоғалып кетті: Ақтөбеде ер адамды іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде еріктілер 9 қарашада жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде еріктілер 9 қарашада жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, ТЖД өкілдері жүргізуі тиіс іздестіру жұмыстарының уақыты аяқталды.

"Бізде белгілі бір уақыт тәртібі болады. Іздестіру жұмыстары үш күн бойы белсенді түрде жүргізіледі. Барлық жерді бірнеше рет қарап шықтық. Ер адам жеке бір үйдің аумағында болса, бұл ТЖД өкілдерінің құзыретіне кірмейді", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым.

Қайрат Қасымның айтуынша, жоғалып кеткен ер адамның ұялы телефонынан келіп түскен GPS дабыл ешқандай мәлімет бере алмай отыр. Бірақ қоңырау түсті деген аумақтардың барлығы бірнеше рет дронның және иттердің көмегімен тексерілген.

"Иттерді бірнеше рет судың жағалауына апардық, тереңдігі - 1 метр. Тексеріп шықтық, бірақ нәтиже жоқ, ер адамның денесі табылмады", - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары.

"Алдыңғы күні 12 шақырым жер жаяу жүріп келдік. Туыстары да іздестіріп, қатты уайымда жатыр. Жаурап кеттік. (...) Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деп едік, киіммен және байланысқа шығуға мүмкіндік берсе. Бір рет 112-ге өзімізге хабарласуға тура келді, себебі кейбіреулері қараңғыда адасып кетті. Ұялы телефондарымыз суыққа өшіп қалып жатыр. Әрине, қиындықтар бар, бірақ бұл бізді тоқтатпайды", - дейді еріктілердің бірі Екатерина Голотина.

Бүгін таңертең еріктілер іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтөбеде ер адамның туыстарына хабарласып, көмек сұраған соң із-түссіз жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. Кенжебай Алдашев 9 қарашада таңғы сағат бестерде туыстарымен соңғы рет байланысқа шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети