16 тамыз 2019 15:49

Шығыс Қазақстан облысында аптаптың кесірінен өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО ТЖД © ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер бірнеше күн бойы Үржар мен Аягөз аймағындағы өртпен арпалысты, - деп хабарлайды YK-news.kz


Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер бірнеше күн бойы Үржар мен Аягөз аймағындағы өртпен арпалысты, - деп хабарлайды YK-news.kz

Өрт Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылдық округында шыққан. Аптап пен құрғақшылықтың кесірінен өрт Үржан ауданының аймағына ауысқан. 

ШҚО ТЖД-ның мәліметі бойынша, бұл жер "Тарбағатай МҰТП" РММ-ның күзету аймағына кіреді. 


© ШҚО ТЖД

"Өртті сөндіру үшін 60 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Аймақ құрылысының ерекшелігіне байланысты жұмыс істеу өте қиын болды, оның үстіне жел де бағытын жиі өзгертті. Өртсөндірушілер шартылдақ пен аспалы өрт сөндіргішті пайдаланып, қолмен жұмыс істеді", - деді Үржар ауданы ТЖБ басшысы Жеңіс Домбаланов.

Өрт бірнеше күн бойы сөнбеген. Қазір облыстың оңтүстігінде өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталып тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети