25 маусым 2015 16:01

Шығыс Қазақстан облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yk-avto.kz © Yk-avto.kz

Қатон-Қарағай ауданында автомобиль аударылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды YK-avto.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қатон-Қарағай ауданында автомобиль аударылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды YK-avto.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 маусымға қараған түні сағат 2.00 шамасында болды. Toyota Camry жүргізушісі көлігін басқара алмай қалғандықтан, автомобиль аударылған. Салдарынан автомобильдің 30 жастағы иесі мен 35 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. 25 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, 19 маусымда Ақмола облысында да осыған ұқсас жағдай болған еді. Астана қаласынан Қарағандыға бет алған ресейлік азаматтар отырған "Пежоның" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан тайып, аударылған болатын. Жол апатынан 4 адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети