15 маусым 2015 10:52

Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері екі адам суға ағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tourprom.ru © Tourprom.ru

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында екі адам суға кетіп өлді, - деп хабарлайды YK-News.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында екі адам суға кетіп өлді, - деп хабарлайды YK-News.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, 13 маусымда Каменский су қоймасында Ұлан ауданының 36 жастағы тұрғыны суға батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін бір күн өткеннен кейін ғана тапты. Ал 14 маусымда Шығыс ауылының тұрғыны, 16 жастағы жасөспірім суға кетті. ТЖД қызметкерлері оның денесін жарты сағаттан кейін тапты. Айта кетейік, олардың екеуі де шомылып жүріп суға батып кеткен.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз суға кеткен болатын. Олар сыныбымен бірге табиғатқа демалуға шыққан. "Аяқтарын суға батыруға барған олар өзенге құлап кетті. Қыздарды құтқарып қалу мүмкін болмады", - делінген хабарламада. Басылымның мәліметінше, дәл осы күні облыста суға бату оқиғалары көп болған. 1972 жылы туылған ер адам Оралда Деркүл өзеніне батып кетті. БҚО ІІД қызметкерлері оның денесін судан алып шықты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети