Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шығыс Қазақстан облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

03 Ақпан 2015, 10:35
0
Тengrinews.kz мұрағатынан
Тengrinews.kz мұрағатынан

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше оқиға 02 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 08.30 шамасында Семей - Дегелең теміржолының 252-шақырымында болды. 19 бос вагон рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметкерлері келген. Апат бұл бағытта пойыздардың қозғалысын бес сағатқа жуық уақытқа кідірткен. Қазіргі уақытта қозғалыс қалпына келтірілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы Жамбыл - Түлкібас теміржол учаскесінде жүк тиелген 12 вагон жолдан шығып кеткен еді. Оқиғаның салдарынан 16 жолаушылар пойызы кестесінен кешігіп қалды. Арнайы құрылған комиссия жұмысының алдын ала мәліметі бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне жолдың қисық учаскесінде бір тіркеменің бұрылмай қалуы себеп болды. Бұл вагонның нөмірі - 44676914. Оның меншік иесі - Ресейдің "Федералдық жүк компаниясы" АҚ. Келген шығын жүк вагонының меншік иесінен талап етілетін болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай