24 маусым 2015 17:56

Шығыс Қазақстанда 3 жасар бала көлікті өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© novotroitsk.info © novotroitsk.info

Шығыс Қазақстанда 3 жасар бала көлікті өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстанда 3 жасар бала көлікті өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-анасының қарауынсыз қалған бала аулада ойнап жүріп денесінің 39 пайызын күйдіріп алды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала сіріңке немесе оттық тауып алып, тұтатқан. Біраз уақыт өткенде үй жанында тұрған "ВАЗ 2112" автокөлігінің салоны жана бастапты.

"Қазір бұл жайттың мән-жайын Ұлан аудандық ТЖБ мамандары анықтап жатыр. Өрттің аумағы - 2 шаршы метр, жалпы тілсіз жау шарпыған аумақ аса үлкен емес, дегенмен баланың арқасы, беті мен қолы қатты күйіп қалды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, баланың ата-анасы өртсөндірушілерді шақырмай, өртті өз күштерімен сөндірген. Ал бала Өскемендегі "Ана мен бала" орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети