09 қаңтар 2015 11:35

Шығыс Қазақстанда екі автокөлік өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©stolica.onego.ru ©stolica.onego.ru

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру бөлімшелері бір тәулікте автокөліктердің өрті туралы екі хабарлама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі оқиға Семей мен Зайсанда тіркелді.


Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру бөлімшелері бір тәулікте автокөліктердің өрті туралы екі хабарлама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі оқиға Семей мен Зайсанда тіркелді.

Семейде саяжай аумағындағы үйдің астында орналасқан гаражда "Москвич 412" автокөлік кузовының жанатын бөліктері, қозғалтқышы, дөңгелектері, салоны, орындықтары өртенді. Бұдан кейін жалын үйдің ағаштан жасалған құрылысына көшіп, нәтижесінде 80 шаршы метрді өрт шалды. Өрттің себебі ретінде өрт қауіпсіздігін сақтамау, аса қауіпті агрегатта жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау секілді нұсқалар қарастырылып жатыр. Шығын көлемі мен кімнің кінәлі екені анықталып жатыр.

Ал Зайсанда тұрғын үйдің ауласында уақытша тұрақта тұрған 2014 жылғы Chevrolet Aveo кузовының жанатын бөліктері, бояуы, артқы дөңгелектері, салоны мен орындықтары өртеніп, одан кейін тұрмыс үй құрылысын жалын шалады. 26 шаршы метр аумақты өрт шалды. Мұнда да өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан болуы мүмкін деген нұсқа зерттеліп жатыр. Шығын көлемі мен кімнің кінәлі екені анықталып жатыр.

Екі бірдей өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің өкілдері азаматтарды автокөлікте қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети