07 желтоқсан 2016 22:04

Шығыс Қазақстанда жолаушылар автобусы аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Шығыс Қазақстан облысында салонында 27 жолаушысы бар жолаушылар автобусы аударылды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Шығыс Қазақстан облысында салонында 27 жолаушысы бар жолаушылар автобусы аударылды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

ШҚО-да апта бойы сақталған сары шұнақ аяздың соңы жаңбырға ұласып, маңызды жолдардың барлығы мұзтайғаққа айналған. Енді күре жолдарда көлік қозғалысы қиындап кетті.

Сол көктайғақтың кесерінен Зайсан-Алматы бағытына шыққан автобус 28 жолаушысымен төңкеріліп қалған. Ал мұндағы жолаушыларды діттеген жеріне жеткізбек болған екінші автобус та жол апатына ұшырапты. Екі бірдей оқыс оқиғаны басынан өткерген жұрттың мәлімдеуінше, 4 адам сынық жарақатын алған. Қайта адам шығыны жоқ. Ал Семей- Курчатов жолында жүк көліктері жүруден қалды. Қазір Семейге қарасты 8 елді-мекенде төтенше жағдай жарияланған. Өйткені төрт түліктің қыстық жайылымы тарылып қырылудың аз-ақ алдында тұр. Шығынға батқалы тұрған 20 шаруа қожалығына жергілікті билік қала қазынасынан 15 млн. теңге бөлген. Қаржы жолдардарды ретке келтірумен қатар жем-шөпке де жұмсалуы тиіс. 

"Жалпы, қысқа дайындықтары дұрыс болмаған. Бірақ оған қарамастан көмек беріп жатырмыз. Тамақ мен көмірге қаражат бөлінуде. Қалғанын өз есептерінен алуы керек", - деді Семей қалаcы әкімінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети