10 ақпан 2015 10:04

Шығыс Қазақстанда қасақана от қойған адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда жеке үйлердің біріндегі 6 тонна шөптің өртенуіне қасақана от қою себеп болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Тengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше оқиға Абай ауданында 9 ақпан күні түнде болды. Тоқтамыс ауылындағы жеке үй аулаларының бірінде 6 тонна мал азығы өртенген. "Оқиғаның себебі ретінде қасақана от қою қарастырылып жатыр. Кінәлі тұлға, шығын анықталу үстінде", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің 8 маманы жұмылдырылды. Айта кетейік, 10 ақпан күнгі жедел мәліметтер бойынша, дәл осы оқиғамен бір мезгілде Шығыс Қазақстанда тағы екі өрт оқиғасы тіркелген. Күршім ауданы мен Семей қаласында екі жеке монша өртенді. Зардап шеккендер жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети