Шығыс Қазақстанда несиесін төлей алмаған әйел сіркесу қышқылын ішті

06 Қаңтар 2015, 15:56
0
Шығыс Қазақстанда несиесін төлей алмаған әйел сіркесу қышқылын ішті - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында бір әйел сіркесу қышқылына уланып өлгісі келді, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Әйел бұл қадамға несиесін төлей алмағандықтан барған.

34 жастағы әйел Шемонаиха ауданының орталық ауруханасына "сіркесу қышқылынан улану" диагнозымен түсті. Басылым оның бұл іске несиесін төлей алмағандығынан барғанын жазады. Полиция өкілдерінің айтуынша, әйел сіркесу қышқылын өз үйінде ішкен. Бірақ әзірше жедел жәрдемді кімнің шақырғаны және қазіргі уақытта оның жағдайы қандай екені жайлы мәлімет жоқ. Аурухана дәрігерлері пікір беруден бас тартты.

Мұның алында осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында болған еді. 43 жастағы әйел өзін-өзі өлтірмек болып, сіркесу қышқылын ішкен. ІІД мәліметі бойынша, оқиға Шортанды ауданында болды. Полиция өкілдерінің айтуынша, әйел "сіркесу қышқылынан улану" диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Баспасөз өкілдері әйелдің өзін-өзі өлтірмек болғанын және аурухананың операция жасау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, сіркесу қышқылынан уланудың салдары ауыр болады - ауыз қуысының шырышты қабығы, жұтқыншақ, ішек, асқазан, көмей, кеңірдек, өкпе және тынысалу жолдары зақымданады. Емдеу үшін дәрігерлер науқастың ішін зонд арқылы тазалайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай