09 маусым 2015 16:56

Шығыс Қазақстанда сот 18 жастағы жігіттің анасына жақындауына тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© depo.ua © depo.ua

Шығыс Қазақстан облысында сот 18 жастағы жігіттің анасына жақындауына тыйым салды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Мұндай шешімді Семейдегі мамандандырылған әкімшілік соты шығарды.


Шығыс Қазақстан облысында сот 18 жастағы жігіттің анасына жақындауына тыйым салды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Мұндай шешімді Семейдегі мамандандырылған әкімшілік соты шығарды.

Порталдың мәліметінше, әйел адам өзінің 18 жастағы ұлының үстінен полицияға арыз түсірген. Анасының айтуынша, жас жігіт ішімдікке сылқия тойып алып, анасының үйіне барған, жанжал шығарып, оны балағаттаған. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық дерегіне қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

"Ұлының осымен бірнеше рет агрессивті қылық танытуына байланысты әйел адам перзентінің оған жақындауына тыйым салуы туралы сотқа жүгінді. Судья талап арызды қанағаттандырды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, жігіт 10 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, оның жарты жыл ішінде зардап шегушіні іздестіруіне, ізіне түсуіне, үйіне баруға, сөйлесуге, қоңырау шалуына және тағы ба басқа жолдармен байланысуына тыйым салынды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети