05 тамыз 2015 11:18

Шығыс Қазақстанда төрт жасар баланың басына бояу толы құты құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Шығыс Қазақстанда төрт жасар баланың басына бесінші қабаттан бояу толы құты құлап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстанда төрт жасар баланың басына бесінші қабаттан бояу толы құты құлап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға Первомайский ауылында болған. Балалар иесіз қалған көпқабатты үйдің ішінде ойнап жүріп, бесінші қабаттан төрт жасар ұл баланың үстіне бояу толы бес литрлік құтыны құлатып жіберген. Ол ғимараттың жанында серуендеп жүрген баланың басына түсті.

"Зардап шегуші аса ауыр халде Ана мен бала орталығына жеткізілді. Бала басынан ауыр жарақат алған - бас сүйек ішіне кіріп, миды деформациялаған. Жедел жәрдем баланы орталыққа жеткізіп үлгерді, дәрігерлер алғашқы жәрдемді көрсетіп, келесі күні операция жасады", - делінген жарияланымда.

Дәрігерлердің айтуынша, жасалып жатқан емдерге қарамастан, баланың халі әлі де ауыр. Бала қазір ес-түссіз, аппарат арқылы демалып жатыр. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети