03 мамыр 2016 14:14

Шымбұлаққа апаратын жолдың су астында қалғаны түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Алматының таулы аудандарында жаңбырдың тоқтаусыз жаууынан пайда болған cу тасқыны Медеу - Шымбұлақ жолын шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының таулы аудандарында жаңбырдың тоқтаусыз жаууынан пайда болған cу тасқыны Медеу - Шымбұлақ жолын шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Арт-Шатер Навои өз парақшасында Медеу мен Шымбұлаққа апаратын жолдың су астында қалғаны түсірілген видео жариялады. Тас пен қоқыстан тұратын лай су тас жолдың бойымен төмен қарай ағып жатыр.

 

Медеу ауданы әкімі Сұлтанбек Мәкежанов жағдайдан хабардар болып шықты. Оның айтуынша, қазір оқиға орнында 50 адам жұмыс істеп жатыр.

"Кадрдан мәселені біртіндеп шешіп жатқанымызды көруге болады. Түнде жағдай бұдан да жаман болды. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қолдан келгенін жасаймыз. Арнайы кезекшілік кестесі де бар. Жаңбыр жауғаннан кейін әрбір екі сағат сайын нысан бақыланып отыр", - деді Мәкежанов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Шымбұлаққа баратын жол жабылмаған. "Шымбұлаққа апаратын жол жабылған жоқ. Тасқыннан ешкім зардап шеккен жоқ. Кейбір жерлерге зақым келді. ТЖД оған өз бағасын береді", - деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети