Шымкент айыптұрағында 45 көлік өртенді: Авто иелеріне залал мөлшерін өтеп береді

15 Шілде 2018, 16:49
0
Шымкент айыптұрағында 45 көлік өртенді: Авто иелеріне залал мөлшерін өтеп береді -

Шымкентте өртеніп кеткен көлік иелеріне қалалық айыптұрағы залал мөлшерін өтеп береді, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Еске салайық, Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті. Өрт салдарынан жоюылуы тиіс 35 автокөлік және 10 айыптұрағында тұрған автомобиль түгелдей жанып кетті. Қаза тапқандар жоқ

Қалалық айыптұрағының басшысы А. Әбдіқадыровтың айтуынша өртенген 10 көліктің алтауының сақталу мерзімі үш жылдан асып кеткен. 

"Көліктер ескі, жалпы айтқанда - автохлам, былай айтқанда олардың осында тұрған мерзімінде төлеуі тиіс қаражат мөлшері автокөлік бағасынан асып кетті", - деді Әбдіқадыров. 

Тағы төрт көлік айыптұрағына жақында ғана жеткізілген екен. 

"Осы төрт көліктің иелеріне залал мөлшерін толықтай біздің мекеме төлеп береді", - деді мекеме басшысы. 

 

Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 15 шілдеде 01:14-те көліктерге арналған айыптұрақта болған. Басында КамАЗ өртеніп, артынша жеңіл көліктерге одан ары қарай екі қабатты ғимаратқа көшкен. 

Өрт бір сағатта ауыздықталып, 03:05-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 294 шаршы метр. 

Түнгі өртті 76 маман 17 арнайы мамандандырылған техникамен сөндірді. 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай