13 маусым 2018 13:55

Шымкент маңында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Түркістан - Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Түркістан - Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликтің 20-шы секундында талқаны шыққан ВАЗ 2114 (Lada) көлігін көруге болады. Соған қарағанда, жүргізуші асқан жылдамдықпен келе жатып, жол жиегіндегі қоршауды соққан, салдарынан қоршау көліктің капотынан артқы жүксалғышына дейін тесіп өткен. Өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, көмек көрсете бастаған. Оқиға орнына полицейлер жеткен.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!


Куәгердің суреті

TVK телеарнасының мәліметінше, жол апаты 11 маусымда кешкі уақытта батыс Қытай - батыс Еуропа тасжолында, Шымкенттен 15 шақырым жерде болған. 

"Түркістаннан Шымкенте бағыт алған ВАЗ 2114 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, асқан жылдамдықпен жол қоршауына соғылған", - деп хабарлады телеарна.

Көлік салонында бес адам болған. Жүргізуші мен жолаушы қатты соққыдан оқиға орнында қаза тапқан. Қалған үш жолаушы ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Апаттың себебі мен оған кінәлі адам анықталып жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети