Полиция өкілдері Шымкент маңында болған жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апатынан 21 алам жарақаттанып, бір жарым жасар бала қаза тапқан болатын.
Полиция өкілдері Шымкент маңында болған жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апатынан 21 алам жарақаттанып, бір жарым жасар бала қаза тапқан болатын.
"Биыл 20 қыркүйекте, сағат 19.00 шамасында Қазығұрт аудандық ІІБ кезекші пультіне Рабат ауылы маңындағы Жібек-жолы трассасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға болған жерге келген полицейлер сағат 18.40-та Шымкентке бағыт алған Shancman автомобилінің 47 жастағы жүргізушісі көлікті белгісіз себептермен басқара алмай қалып, жолда екі сиырға соққан. Осыдан кейін ол өзімен бағыттас автомобильдерді соққан", - деп хабарлады ІІД.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2014 жылғы сәби қаза тапты.
Шымкент және Қазығұрт аудандық ауруханасына түрлі жарақатпен 21 адам жеткізілді, олардың ішінде 1972, 1980, 1992, 1996 жылғы жолаушылар мен жүк көлігінің жүргізушісі орташа ауыр жарақат алды, ал қалғандары дәрігердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылды.
"Осы дерек бойынша "Жолда жүру ережесін бұзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІД.