08 сәуір 2016 18:12

Шымкент полицейлері сыныптастарын соққыға жыққан оқушыларды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Шымкент полицейлері өз сыныптастарын соққыға жығып, оны видеоға түсіргендерді тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент полицейлері өз сыныптастарын соққыға жығып, оны видеоға түсіргендерді тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, видеодағы балалар Шымкенттегі мектептердің бірінің алтыншы сынып оқушылары болып шықты. Оқиғадан кейін учаскелік инспекторлар оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесті. Ата-аналардың ешқайсысының бір-біріне өкпесі жоқ болып шықты.

Оқиға 6 сәуір күні болған екен. Балалар бір-бірімен ойнап, оқиғаны видеоға түсірмекші болған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Шымкентте оқушылар сыныптастарының соққыға жығылған сәтін видеоға түсірген болатын. Видеоның сипаттамасында оқиғаның № 12 мектепте болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети