06 қазан 2014 16:14

Шымкент тұрғыны құдықта 7 сағат отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото otyrar.kz сайтынан алынды Фото otyrar.kz сайтынан алынды

Шымкентте әйел адам жеті метрлік құдыққа құлап түсіп, онда бір түн бойы отырды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Бұл оқиға "Самал" ықшамауданында болған.  


Шымкентте әйел адам жеті метрлік құдыққа құлап түсіп, онда бір түн бойы отырды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Бұл оқиға "Самал" ықшамауданында болған.  

Терең шұңқырға ішіне құлап кеткен әйелдің айғайлаған дауысын көршілері таңсәріде ғана естіген. Осыдан кейін оқиға орнына құтқарушылар жасағының мамандары келген.  

"Жедел кезекші тетігіне қоңырау шамамен таңғы сағат жетіде түсті, -дейді ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин. -Қалтораев көшесінің тұрғыны қоңырау шалып, көрші учаскеден біреудің ыңырсыған даусы естілетінін, айғайлап көмек шақырып жатқанын айтып, кәріздік суларға арналған шұңқырға құлап кеткенін хабарлаған. Біздің құтқарушылар көп кешікпей оқиға орнына жетті, бұл ретте қоңырау шалған азаматша құдық өте терең екенін әрі оның ішіне құлап кеткен адамға жедел медициналық көмек керек болуы мүмкін екендігін айтқан болатын", - дейді Вишенин.  

Құтқарушылар жасағының мамандары әйелді альпинистік құрылғының көмегімен құдықтан шығарып алып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Жәбірленуші соншалықты ауыр жарақат алмаған. Ол денесін көгертіп алған және тоңған. 

Еске сала кетейік, Шымкентте осыған ұқсас жағдай осы жылдың қыркүйегінде де болды. Ол кезде ер кісі үш метрлік құдыққа құлап түсіп, онда бір тәулік бойы жатқан."Ер кісіні жасөспірімдер құтқарып қалды. Олар құдықтың жанынан өтіп бара жатып, ыңырсыған дауыс естіген. Балалар өздері көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды шақырған", - деді сол кезде ОҚО ТЖД құтқару жасағы баспасөз қызметінің жетекшісі Павел Вишенин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети